Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Табиғатты аялау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осы ұстанымды басшылыққа ала отырып, Құмкешу жалпы білім беретін мектебінде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ерекше шара өткізілді. Бұл күні мектеп оқушылары мен «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерват қызметкерлері бірігіп, табиғатты көгалдандыру мақсатында тал екті.Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңыздылығын ұғындыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған өлкенің тазалығына үлес қосу.Іс-шара барысында резерват қызметкерлері балаларға ағаш отырғызу ережелерін түсіндіріп, қоршаған ортаны қорғау бағытында қызықты мәліметтермен бөлісті. Жалпы мектеп ауласына қарағай және қайың ағашынан 25 түп отырғызылды.