
Мектеп директоры
1.1996 -2000 жж Арқалық педагогикалық институтының неміс және қазақ тілі мамандығы бойынша толық курсты бітіріп шықты.
- 2005-2007 жж. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының сырттай оқу нысаны биология бакалавры деген біліктілік берілді.
- Құмкешу мектебінде 2000 ж бастап ұстаздық еңбек етуде.
- 2007 ж. Тамыз айында Құмкешу мектебіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2016 ж тамыз айында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының қызметін. 2018 жылы ақпан айынан бастап мектеп директорының қызметін атқарып келеді. Еңбек өтілі 24 жыл.
- Педагог-сарапшы биология пәні мұғалімі.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Бейсенгалиева Асем Сагалбаевна-директордың оқу ісінің орынбасары 2007 жылы Қостанай әлеуметтік Техникалық Университетінің тарих және география пәні мұғалімі мамандығын аяқтап. 2007-20015 жылдары мектепте география пәнінің мұғалімі, 2016 жылы тәрбие ісінің меңгерушісі, 2018 жылдан бастапдиректордың оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.
Санаттылығы үшінші деңгейлі директордың орынбасары.
Еңбек өтілі 18 жыл.
Білімі: жоғары

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Султанова Сандигуль Галымовна-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 2001-2002 жылдан бастап көркем еңбек пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды. 2018 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келеді. Санаттылығы үшінші деңгейлі директордың орынбасары .
Еңбек өтілі 23 жыл.
Білімі: жоғары

Педагог-психолог
Уайсова Марал Тлеугабыловна
2017 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының педагог-психолог мамандығы бойынша аяқтаған.
Білімі жоғары
Аталған мамандық бойынша еңбек өтілі: 17
Санаттылығы: модертор

Әлеуметтік педагог
Изтелеуова Кульшат Мухтаровна
2015 жылы Челябі мемлекеттік университетінің психология мамандығы бойынша аяқтаған.
Білімі: жоғары
Жалпы еңбек өтілі: 17 жыл.
Әлеуметтік педагог бойынша 7 жыл.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы
Зайкенова Бекзада Жұмаділқызы
Еңбек өтілі 10 жыл
Математика пәнінің мұғалімі,
Санаты: педагог-сарапшы
2011-2015 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығы бойынша білім алды. 2017-2019 жылдар аралығында Арқалық педагогикалық институнда математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алды.
Бірнеше облыстық, республикалық деңгейде оқушылары олимпиада жеңімпаздары атанды. Аудандық “Үздік педагог” байқауының жүлдегері.
Мұғалімдер арасындағы пәндік олимпиадалардың жеңімпазы. “Анықтамалар мен деңгейлік тапсырмалар” атты оқушылар мен мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал құрастырды.
Аға тәлімгер
Егінбаев Ержан Боранбайұлы
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық Педагогикалық Институтының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын аяқтаған
Еңбек өтілі 1 жыл.
Білімі жоғары.

Мектеп кітапханашысы
Исмайлова Назым Аманжолқызы
Білімі орташа
Еңбек өтілі 10 жыл
2013 жылы «Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесіне түсіп, 2015 жылы «Қостанай гуманитарлық колледжін» мекемесінің толық курсын
0401013 «Кітапханашы» кәсібі берілді.

Мектеп медбикесі
Бегалова Гульфайруз Карбозовна
Білімі орташа
1984 жылы «Арқалық медециналық колледжін» түсіп, 1986 жылы аяқтадым.
Мамандығы «Мейірбике ісі»
Қазыргі таңда Құмкешу жалпы білім беретін мектебінде Мектеп мейірбикесі болып жұмыс жасаймын
